07 шілде 2016 13:10

Біз Копенгагенге немесе Нью-Йоркке айналғымыз келмейді - Бауыржан Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Копенгаген. © vseprootpusk.ru Копенгаген. © vseprootpusk.ru

Алматы Копенгаген қаласына ұқсамайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала әкімі Бауыржан Байбек "Алматы - өмір мен бизнес үшін қолайлы қала" атты инновациялық форумда айтты.


Алматы Копенгаген қаласына ұқсамайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала әкімі Бауыржан Байбек "Алматы - өмір мен бизнес үшін қолайлы қала" атты инновациялық форумда айтты.

"Біз Копенгаген, Нью-Йорк, Ыстамбұл қалалары сияқты болғымыз келмейді. Біз өзіндік бірегей қаламыз, тауларымыздың өзі ерекше. Біз жақында туризм туралы әңгімелескен болатынбыз. Расында да табиғат бізге үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Алматы туристік орталықтардың үздік бестігінде тұр. Бірақ біз қалған мәселелерді шешуіміз керек", - деді Байбек.

Осыған дейін, қала әкімі соңғы бес жылда қала аумағының екі есе өскенін, сондықтан ірі қаладағы халықтың саны 20 пайызға артқанын айтқан болатын. "Бар күшті инфрақұрылымға жұмсап жатырмыз. Мұнда нарық пайда болатындықтан, бұл қала тұрғындары үшін қолайлы болады", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Алматы қаласы үшін ең негізгі жұмыстардың бірі - көлік реформасын жүргізу. "Алматының көліктерге арналған қала емес, керісінше, тұрғындарға арналған қала екенін білеміз. Бізде екі негізгі өлшем бар: экология мен көлік саласы. Сіздер қаланың ластануының 80 пайызы осы көліктерден болатынын білесіздер. Сондықтан біздің басты мақсат - көлік реформасын жүргізу. Тұрғындардың көпшілігі қоғамдық көлікпен жүруі үшін автокөліктердің санын азайтуы керек", - деді қала басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети