ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2019 | 10:01
"Біз не, қоймыз ба?". "Алматы су" қызметкерлері жұмысқа шықпай қойды
"Алматы Су" коммуналдық компаниясының Медеу учаскесінің қызметкерлері дүйсенбіде жұмысқа шығудан бас тартып, жаңа басшыны қызметінен кетіруді талап еткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Алматы Су" коммуналдық компаниясының Медеу учаскесінің қызметкерлері дүйсенбіде жұмысқа шығудан бас тартып, жаңа басшыны қызметінен кетіруді талап еткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Жұмысшылардың айтуынша, аудан учаскесінің жаңа басшысы қоластындағыларды қорлап, қорқытатын көрінеді. Оның үстіне, басшы - біліксіз.
"Адамға сөйлегендей болмайды. Шақырғысы келсе "Эй, бері кел" дейді. Адамгершілік пе? Біз не, қоймыз ба? Балқытып біріктірушіге былай деген: "Я тебя по-черному и по-красному сломаю". "По-черному, по-красному" деген не сөз? Ол не, бандит пе еді? Біз мұнда жүрген кімбіз? Қызметкерлермен бұлай жұмыс істеуге болмайды", - деді "Алматы Су" МКК жұмысшысы Айдос Құралбеков.
Олар басшы бекіткен жаңа ережеге де шағымданып отыр. Енді әрбір қызметкер жұмыс процесін ұялы телефонына тіркеп отыруы тиіс.
"Мен бригадирмін, бригадаға жауап беремін. Таңертең өткізу жасағында қол қоямын. Қайда және қандай жұмысқа шыққанымыз содан-ақ белгілі. Мен суретке түсіріп жүре алмаймын. Бұған уақыт кетеді. Бірдеңе болып қалса, жауапты бригадир ретінде мен жауап беремін. Содан кейін ғана басшы мен инженер жауапты", - дейді кәсіпорын қызметкері Юрий Шестаков.
Басшының өзі болса ешкіммен жанжалдаспағанын айтып отыр. Ұжымы неге жеккөріп кеткенін де түсінбеймін дейді.
"Жала мен жалған. Жасым 51-де. Жұмысшыларыма қалай жаман сөз айтамын? Абсурд қой! Өткен аптада чат ашқанбыз. Видео емес, фото. Олар қайда екенін суретке түсіріп, жіберуі керек деп. Бұл заңның талабы. Бізде мысалы әкімдіктегілер люк ашық жатыр деп айтады. Барып, тексереміз", - деп мәлімдеді Ысқақ Бурхан.
Су желілері департаментінің басшылығы ұжымдағы бұл жайдан мүлдем хабарсыз болып шыққан. Компаниядағылар дереу қызметтік тексеріс бастады.
"Әзірше ішкі тексеріс жүргіземіз. Бұл адамды бүгіннен бастап жұмысынан шеттетеміз, тексеріс біткенше", - деді "Алматы Су" су желілері департаменті директоры Мұратхан Нұркен.
Ал қызметкерлері тексеріс қорытындысына қарамай басшыны орнынан алып тастауты талап етіп отыр. Олай болмайынша, жұмысқа шықпаймыз дейді.
Показать комментарии
Читайте также