30 қараша 2015 12:27

"Біз осы жылдар бойы көп еркелеп кеттік". Президент көрпеге қарап көсілуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы көрпеге қарап көсілуге шақырды. Мемлекет басшысы дағдарыс жағдайындағы жаңа бюджет саясатының моделі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы көрпеге қарап көсілуге шақырды. Мемлекет басшысы дағдарыс жағдайындағы жаңа бюджет саясатының моделі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көрпеге қарап көсілу керек, қайталап айтамын, көрпеге қарап көсілу керек - бұл біздің тексерілген ұстанымымыз, бюджет саясатының дұрыс моделі, әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде. Адам дүкенге келіп, сөредегі тауарларды көреді, ұстап көреді де бар ойы қалтасындағы қаражатта болады, солай ма? Ол ақшасы жетпейтін тауарды ұстамайды. Ал мемлекет неге осылай етпеуі керек? Көрпеге қарап көсілу керек. Біз қазір осыған бағыт алдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Дағдарыстың болғаны жақсы, себебі үнемдеп үйренеміз, ақшаны халықтың игілігіне жұмсау керек. Біз осы жылдар бойы көп еркелеп кеттік, соның бәрі мұнай ақшасына, экспорт тауарларының көп ақшасына байланысты. Ақша бәріне таратылды, барлығы штаттарын кеңейтті, барлығы да риза болды, тыныш өмір сүрді. Мұның әйтеуір аяқталатын кезеңі келуі керек еді. Келді де", - деді Президент. 

Бірақ ол қорқынышты ештеңенің де болмағанын атап өтті. "Егер біз қазір шығынды дұрыс есептесек, барлығы қалпында болады. Қазір салық кірістерінің 20 пайызға азайып жатқанын байқап отырмыз. Халық осыны түсіну керек: бюджетке кіріс 20 пайызға қысқарды", - деп қорытындылады Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети