31 шілде 2015 17:09

Біз тек жеңіске жететінімізге сендік - Алматы тұрғындары

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Владимир Прокопенко Владимир Прокопенко

Олимпиада-2022 болатын қала аталатын шараның тікелей трансляциясын көру үшін Республика Сарайы алдындағы Абай алаңына үш мыңға жуық адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қысқы олимпиаданы өткізуге екі ел үміткер болды, Бейжің қаласы жеңіске жетті.


Олимпиада-2022 болатын қала аталатын шараның тікелей трансляциясын көру үшін Республика Сарайы алдындағы Абай алаңына үш мыңға жуық адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қысқы олимпиаданы өткізуге екі ел үміткер болды, Бейжің қаласы жеңіске жетті.

Алматылықтар дауыс берудің нәтижесін тағатсыздана күтті. Көбісі Алматыныың жеңетініне сенімді болды. Жиналғандар "Алға, Алматы!" деп ұрандады.

Жеңімпаз қала аталғаннан кейін аздаған үнсіздік болды, алматылықтардың еңсесі түсіп кетті, дегенмен сахнада бағдарлама қойылымы жалғасып жатты. Кейін флешмоб өтті, белсенділер ту ұстап, велосипедпен қыдырды. Бірнеше уақыттан кейін алматылықтар тарай бастады.

"Аздап еңсеміз түскені рас, біз жеңіске жетеміз деп ойладық. Алматы келесі жолы жеңеді деп сенеміз. Бәрібір де біз олимпиада чемпиондарымызды қолдаймыз, Қытайға шын мәнінде кімнің жеңімпаз екенін көрсетеміз. Сонда да көңіл-күйіміз жақсы", - деді алматылық Гүлмас Иманжанов.

"Бүгінгі болған жағдайға қатты қапаландық. Біз үшін бұл күтпеген жағдай. Біз Универсиададан кейін Олимпиада өткізетінімізге 150 пайызға сенімді болдық. Ол үшін бізде бәрі дайын еді, халқымыз да, өзіміз де, барлық инфрақұрылымдар бұған дайын болған. Бейжіңнің ұтқаны үшін біз абдырап қалдық. Келесі жолы жеңіске жететінімізге сенеміз", - деді қаланың азаматтық альянсының президенті Саулетта Тоғанбаева.

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев Алматы қандай жағдай болса да жеңімпаз екенін айтты. "Себебі біз финалға дейін жеттік, финалда Бейжің сияқты алыппен бәсекелес болдық. Біз туралы бүкіл әлем білді. Халықаралық басылымдар біз туралы жазды. Бұл біздің еліміздің, қаламыздың имиджі, сондықтан да алматылықтар мен қазақстандықтар жарады. Бүгін алаңда адамдар көптеп жиналды, олар нәтижені күтті, жауабын естіген кезде олар мұңайды. Біздің қаламыз жаңа концепциясымен есте қалған жоқ, ол жаңа көзқарас ұсынды", - деді Боқаев.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети