Біз ҰБТ-ның соңғы үкім болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз - Назарбаева

05 Ақпан 2016, 17:48
0
Біз ҰБТ-ның соңғы үкім болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз  - Назарбаева - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Дариға Назарбаева ҰБТ-ның соңғы үкім болмауы үшін жұмыс істеп жатқандарын айтты. Бұл туралы ол ҚР Білім және ғылым министрлігі ұжымының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰБТ қазір балалар үшін де, ата-ана үшін де моральдық және психологиялық проблема болып отыр. Жыл сайын емтиханның жауабы шығатын кезде қатты уайымдаймыз. ҰБТ-ның соғысқа ұқсас болмағанын қалаймыз. Тұрсынбек бір әзілінде ҰБТ болатын кезде ата-ана, оқушы, мамандардың схема құратынын айтты. Біздің халық бұл жағынан өте дарынды. Сондықтан да шын талантты, білімді оқушының оқуға түсу жолында кедергі болмас үшін жұмыс істейміз. Бұл жүйені ыңғайлы еткіміз келеді. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Назарбаева.

Ол ҰБТ жүйесін тиімді ету үшін идея айтуға шақырды. "Біз мектептердегі білім деңгейі туралы нақтырақ мәлімет алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен ҰБТ мектеп жұмысының сапасын 100 пайызға көрсете алмайды. Оған қосымша бірнеше көрсеткіш болуы керек. Сондықтан да өздеріңіздің ұсыныстарыңызды айтыңыздар", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай