Бізде проблема пайда болса, қажеттілігі сараланбайтын министрліктер құрыла береді - Назарбаев

22 Ақпан 2017, 13:10
0
Бізде проблема пайда болса, қажеттілігі сараланбайтын министрліктер құрыла береді - Назарбаев - Нұрсұлтан Назарбаев. © Ақорданың баспасөз қызметі
Нұрсұлтан Назарбаев. © Ақорданың баспасөз қызметі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда ғылым министрлігін құру ойына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін Молдавия делегациясының өкілі өз елінде "ғылым академиясының президенті министрмен тең" деп айтқан еді. Елбасы осы пікірге қатысты ойын білдірді. 

"Ғылым академиясының президентін министр ету туралы ескермеңіз жақсы қабылданды. Әсіресе ғылым академияларының президенттеріне жақты. Бірақ біз мұндайды бастан өткергенбіз. Ғылым үлкен басшылықты талап етпейді. Жасаймыз, ол қиын емес. Бізде жақсы тәжірибе бар: мәселе туындаса болды, не үшін керек екенін білмей жатып, қандай да бір министрлік құру. Бұл барлық ғалым барып ақша сұрайтын тағы бір қағазбасты орган болады", - дейді Президент.

"Біз басқаша істедік. Бізде ақша ғалымға жету үшін 5 сатыдан өтуі керек болды. Бірінші бір салалық орталыққа, сосын бір комитет, сосын министрлік, сосын ғылыми кеңес, сосын ғана ғылым. Біз мұның бәрін алып тастадық. Үшеуін қалдырдық. Егер ғылыми кеңес еңбекті қажетті және жаңалығы бар деп тапса, қаржыландырылады. Несі жаман?", - деді Назарбаев.

Айта кетейік Елбасына Қазақстан мен Молдовия арасындағы достық пен ынтымақтастықтың күшеюі мен дамуына қосқан үлесі үшін Николай Милеску Спэтару атындағы медаль табысталды. 

Мұның алдында үкімет сағаты кезінде депутат Галина Баймаханова білім және ғылым мнистрлігін бөлуді ұсынған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай