29 мамыр 2019 16:17

"Біздің проблемамыз ешкімге қызық емес" - Ноғаев қоластындағыларды сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев энергиямен жабдықтау, сумен, газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев энергиямен жабдықтау, сумен, газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыс барысында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев облыс тұрғындарын сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен үздіксіз қамту жайын айтты.

Облыс әкімінің сөзінше, бүгінде кейбір елдімекендер ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Мысалы, Құрманғазы, Исатай, Жылыой аудандарында проблема бар.

"Жағдай сын көтермейді, аудандарды сумен толық көлемде қамтамасыз ете алмай отырмыз. Біріктірілген кешеннің іске қосылуына байланысты су жинау жеткіліксіз. Сутаратқышты толық жөндеуден өткізу керек", - деді "Магистралды сутаратқыш" ЖШС бас директоры Мадияр Берлібаев.

Компания басшысы қалпына келтіру жұмыстары аясында 56 шақырым сутаратқыш салынғанын атап өтті, соның арқасында жақын уақытта су беру көлемі 20 мың куб метрге дейін артады. Қарбалас кезеңде дәл осы мөлшерде су жетіспейді. 2020 жылдан бастап осы сутаратқыштан 15 мың куб метр техникалық су мұнайхимия технопаркін қамтамасыз ететін болады. Бұл аймақ тұрғындарын сумен қамту көрсеткішін біраз төмендетеді. Сондықтан облыс әкімі биыл пайдалануға берілетін кәріз тазарту кешенінің техникалық суын пайдалану мәселесімен бүгіннен бастап айналысу керектігін атап өтті.

"Біздің стратегиялық міндетіміз - өңір тұрғындарын сумен қамтудың барлық талаптарын сақтай отырып,экономиканы дамыту. Біріне бірі кеселдік келтірмеуі керек. Су ресурстарын тиімді пайдалану мүмкін болған кезде неге суды булану алаңына төгеміз? Одан да тиісті сапасына дейін жеткізіп, Қарабатанға және мұнайхимия кешеніне апарайық", - деді Нұрлан Ноғаев.

"Халық бізден сапалы қызмет көрсетілуін күтеді. Телеграмдағы чат-каналға шағымдар аз түспейді. Бірі электр энергиясында іркіліс болды десе, енді бір су жоқ дейді. Осының бәрі бақылауда болуын тапсырамын, тұрғындарды тиісті қызметтермен толық қамту керек. Ешкімге біздің проблемаларымыз, бюджет сұранымы, тендер, құрылыс нормалары мен ережелері секілді мәселелер қызық емес. Олар тиісті ресурстарды үздіксіз алғылары келеді, біздің міндетіміз – осыны қамтамасыз ету", - деді Нұрлан Ноғаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети