1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Cалидат Қайырбекова Астанадағы ауруханада ауыр жағдайда жатыр

Салидат Қайырбекова © strategy2050.kz Салидат Қайырбекова © strategy2050.kz

ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір "University Medical Center" Корпоративтік қоры басқармасының төрайымы Салидат Қайырбекова ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр", - деді денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова. Алайда ол Қайырбекованың сырқаты жайлы айтпады.

Салидат Қайырбекова ҚР денсаулық сақтау министрі болды, кейіннен ол денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі етіп тағайындалған болатын. Ал 2015 жылдың қазан айынан бастап Қайырбекова "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарды. Қазір "University Medical Center" Корпоративтік қоры басқармасының төрайымы болып жұмыс істейді.