Car City автобазарында 94 адам ұсталды

26 Шілде 2018, 17:57
0
Car City автобазарында 94 адам ұсталды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Полицейлер рейд барысында Car City автобазарында іздеуде жүрген бес адамды ұстады. Тағы 94 адам ішкі істер органдарына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Рейд әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер автобөлшек сатумен айналысатын 1 133 бутикті, 37 жанармай құю бекетін және 94 көлікті тексеріп шықты. 

"94 адам полицияға жеткізілді. Олардың 17-сі Өзбекстан азаматтары. Олар Қазақстанда заңсыз жүрген. Қылмыстық құқық бұзушылық жасап, іздеуде болған 5 адам ұсталды. Қолданылған автобөлшекті сататындардан бірнеше зат тәркіленді. Олар заттардың құжаты бар екенін растай алмады.

Көлік айналары, терезелер, шетте тұратын айналарды ұстап тұратын корпустар, фаралар және тағы басқа заттар тәркіленген. Қазір енді тәркіленген заттар бойынша тексеріс жүргізіледі", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, базар аумағында ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған үш бала анықталды.

"Олар сатуға көмектескен. Қазір оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізді. Ата-аналарымен байналысқа шықтық. Ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша шаралар қабылданады. Ал оларды жұмыс істеуге жұмылдырылғандар ҚР Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабы бойынша жазаланады. Әкімшілік материалдар Алматының Еңбек инспекциясы басқармасына жолданады", - деп хабарлады ІІД ресми өкілі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда полицейлердің Car City сауда орталығын қоршауға алған сәтінің видеосы таралған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай