06 сәуір 2015 13:04

ІІД астаналықтардан жетесіз жүргізушілер жайлы хабарлауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Multli.zt @Multli.zt

Құқық қорғау органдары астаналықтардан жетесіз жүргізушілер туралы хабарлауын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД Астана қалалық әкімшілік полициясы басқармасына сілтеме жасап.


Құқық қорғау органдары астаналықтардан жетесіз жүргізушілер туралы хабарлауын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД Астана қалалық әкімшілік полициясы басқармасына сілтеме жасап.

"Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы барлық жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерін жол ережесін сақтап, жолда жүргенде абай болуға шақырды. Жолда өзін дұрыс ұстамайтын немесе көлікті мас күйде  жүргізетін жүргізушілер туралы Астана қаласы ІІД арнайы сайтына немесе полицияға хабар берулерін сұраймыз. Сіздің белсенді азаматтық позицияңыз және жол оқиғасына бей-жай қарамайтындығыңыз басқалардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі", - делінген хабарламада.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, бір аптада астаналық жол полицейлері жылдамдықты асырған 735, 270 басып озу жағдайлары, арнайы жол өткелдеріне қатысты 225, 125 көлік апатын туғызатын жағдай жасағаны үшін, 89 қарсы жолаққа шығып кеткен жағдайлармен кездескен. Көлікті мас күйде айдағаны үшін 42 жүргізуші ұсталса, автотұрақта 70 көлікке айыппұл салынды. Сонымен қатар, арнайы өткелмен жүрмегені үшін 640 адамға әкімшілік жаза қолданылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети