17 қазан 2018 16:12

ІІД басшысының қызы Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ескендір Сүлейменов. Ескендір Сүлейменов.

Астананың Есіл аудандық № 2 сотында Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың Есіл аудандық № 2 сотында Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Малика Мұхитова ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") айыпталып отыр.

Бүгін сот отырысында сотталушы Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің отбасынан кешірім сұрады.

"Өтінемін, мені кешіріңіздерші. Күнде Алладан Ескендір мен сіздердің мені кешірулеріңізді өтінемін. Осылай болғанын қаламадым. Өтінемін, кешіріңіздерші. Сіздерге қалай қиын екенін білемін", - деді Малика Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің ата-анасына.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети