15 желтоқсан 2015 16:42

Дағдарыс жеңуді үйретеді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті қазақстандықтарды алдағы Тәуелcіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті қазақстандықтарды алдағы Тәуелcіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана Опера" театрында өтіп жатқан Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада ол 1991 жылы еліміз үшін жаңа тарих басталғанын айтып өтті.

"(...) Біз ештеңеге қарамастан экономикамыздың өсу қарқынын жоғалтқан жоқпыз. (...) Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірді. Биыл еліміз ең үздік экспорттаушы елдердің арасынан 43-орын алды. (...) Бізде сауатты ұрпақ өсіп келе жатыр. Биыл Назарбаев университетінен 50 жаңа маман түлеп ұшты. (...) Біздің үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов ғарышқа сапар шегіп қайтты. (...) Көктемде жариялаған ұлт жоспарын орындауға кірістік. Біз оларды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асырып отырмыз. Келесі жылы өтетін тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына дайындалу керек", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы жаңа Жолдаудағы тапсырмалар тәжірибелі елге арналғанын айтты.

"(...) XXI ғасыр кез келген жолмен кете алатын ашық алаң емес. Біздің алдымызда қиын жолдар тұр. Тарихта тек қана жеңіс болмайды, үнемі осылай жақсы болса, тарих та болмас еді. Әрбір дағдарыстан кейін жаңа прогресс болады. Сондықтан да қазір тұрақтылық еліміз үшін өте маңызды. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам - бұл өзіміз жүргізетін курсымыз", - деді Қазақстан Президенті.

Ол қазақстандықтардың қауіпсіз қоғамда өмір сүріп жатқанын айтты. "Күн сайын 42 мың адам қауіпсіз жерге бару үшін өз үйлерін тастап кетіп жатыр. Жер бетінде болған 13 мыңнан аса лаңкестік әрекет 33 мың адамның өмірін қиды. 100 миллионнан аса адамның үйі жоқ, шамамен 300 миллион адам жұмыссыз жүр. Ал бір миллиард адам аштықтан көз жұмды. Олардың қатарында ересектер де, балалар да бар. Мен бірнеше рет айттым, бүгін де айтамын: біз бұл туралы ұмытпауымыз керек, қауіпсіз, дамып жатқан елде өмір сүріп жатқанымызды бағалауымыз қажет", - деді Назарбаев.

"Тәуелсіздік алғаннан бері біз тарихи дамуда үлкен серпілістер жасадық. Біздің Қазақстан - Ұлы дала елі. Бұл біздің ұлы бабаларымыз, ұлы мақтанышымыз. Қазақстандықтардың келесі ұрпағы бізбен мақтанады. Олар біздің шешімдерімізден үлгі алады. Біз кездескен қиындықтарды біліп, тарихымызды оқиды. Біздің тарихымыз ортақ - бұл тарихи жетістіктер мен гүлдену. Тәуелсіздік күні құтты болсын, отандастар", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети