26 маусым 2018 09:27

Дален Шайжүнісов пен Венера Назарбаеваның махаббат хикаясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/imnurali © instagram.com/imnurali

Дален Шайжүнісовтің туысы Маркен Жақиянұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Дален мен Венераның үйлену тойы қалай өткенін және олардың қалай танысқаны жайлы айтып берді.


Дален Шайжүнісовтің туысы Маркен Жақиянұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Дален мен Венераның үйлену тойы қалай өткенін және олардың қалай танысқаны жайлы айтып берді.

Маркен Жақиянұлы үйлену тойының көп адам шақырылмауымен және өзінің заманауилығымен, сондай-ақ, ұлттық нақыштың болуымен ұнағанын айтады.

Оның айтуынша, іс-шараға тек жақындары мен туыстары келген. Барлығы шамамен 200 адам болған.

"Мен көп тойларды көрдім. Бірақ осы той өзінің заманауилығымен ұнады. (...) Достары да болды... Адам көп болған жоқ. Шенеуніктер мен таңдаулы адамдар болған жоқ.

Тек туыстары мен жақындары достары болды, басқа ешкімді көрмедім. Әрине, бұл мені қуантты. Тойдың ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. (...) Танымал адамдардан Головкин, Киркоров болды - олар бағдарлама бойынша келді. Қалғандары өзіміздің адамдар", - дейді Маркен Шайжүнісов.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарға бақыт, ұзақ өмір және махаббат тіледі. Келген қонақтар да жылы лебіздерін білдірді.

"Әрқайсысы жылы лебізін білдірді. (...) Мен де тілек айттым", - деп еске алды Маркен Шайжүнісов.

Маркен Жақиянұлының айтуынша, Дален мен Венера Алматыда достары арқылы танысқан. Венера мектепте жоғары сыныпта оқып жүрген, ал Дален ол кезде университетке түсіп қойған. Бастапқыда дос ретінде араласып жүріп, кейін олардың достығы махаббатқа ұласқан.

"Олар Алматыда танысты, достары ұйымдастырған кештердің бірінде. Дален ол кезде студент болды, ал Венера 10-сыныпта оқыды. Осылай танысты. Достық махаббатқа ұласты. Бір-біріне ғашық болды. Екі жыл кездесіп жүрді", - деді Маркен Шайжүнісов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Дален Венера үшін шетелге көшу туралы шешім қабылдаған. Венера мектеп бітірген соң Дубайдағы университеттердің біріне түскен. Мұны естіген Дален Дубайға ауысқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығын сырттай оқып бітірген.

"Дубайға ол Венера сонда көшіп кеткендіктен кетті. Дубайдағы университетке ауысты. Екеуі екі түрлі факультетте оқыды. Венера қазір 1-курс бітіріп отыр", - дейді Даленнің ағасы.

Айта кетейік, Дален Шайжүнісовтің жасы 22-де.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венераның Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққаны хабарланған болатын. Үйлену тойы Алматыда өткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети