20 тамыз 2019 13:42

Данат Жумин жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/danat_zhumin © instagram.com/danat_zhumin

Данат Жуми премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Данат Жуми премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында Данат Жумин Шымкент әкімінің орынбасары қызметінде болған еді.

Данат Жумин 1983 жылы 14 сәуірде Қостанай облысында дүниеге келген.

2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін саясаттанушы, 2009 жылы АҚШ Монтана университетін мемлекеттік басқару магистрі мамандығы және 2017 жылы АҚШ Гарвард бизнес мектебін жоғары басшыларды даярлау бағдарламасы бойынша бітірген.

2003-2007 жылдары Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры, 2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты ректорының кеңесшісі, директордың орынбасары. 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы Apex Consult ЖШС-нің бас директоры. 2013-2014 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарушы төрағасының кеңесшісі.

2014-2016 жылдары "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. 2017-2018 жылдары "Нұр Отан"  партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети