29 қыркүйек 2016 16:41

Даниал Ахметовтің баспасөз хатшысы әкімнің жұма намазға қатысты шектеуіне пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© baq.kz © baq.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің баспасөз хатшысы Ерлан Жақыпов әкімнің жұма намазға қатысты шектеуіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің баспасөз хатшысы Ерлан Жақыпов әкімнің жұма намазға қатысты шектеуіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кеше баспасөз беттерінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шенеуніктерге жұма сайын мешіт жағаламай, жұмыс істеуге кеңес берді деген мақалалар көптеп шыққан еді.

"Аймақ басшысы Даниал Ахме­тов облыс әкімдігінің­ ­әрбір отырысында алды­мен елдегі тұрақтылық­, ұлтаралық татулық п­ен діни радикализмнің­ алдын алу тақырыптар­ында ұдайы сөз қозғап­, департаменттер мен ­басқармалар, қалалар ­мен аудандар әкімдері­не тиісті тапсырма бе­ріп, олардың орындалу­ын жіті қадағалап оты­рады. Бұл мәселе облы­с әкімінің басты наза­рында.Күні кеше өткен әкімд­ік отырысында облыс б­асшысы мешітке жұмыс ­уақытында баруға болм­айтындығын айтып, жұм­а намазын сылтауратып­ жеке бас шаруаларын ­бітіретін қызметкерле­рді тәртіпке шақырды.­ Сондықтан облыс басш­ысы "Конституция прин­циптерін құрметтеу ба­ршамызға міндет, зайы­рлы қоғамда өмір сүре­міз соны ұмытпаңыздар­" деген болатын", - деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, әкім өз сөзінде "меші­тке мүлде бармаңдар, ­діннен аулақ болыңдар­" деп үгіт-насихат ж­үргізбеген.

"Әкімнің олай а­йтып тұрмағанын көзі ­ашық, көкірегі ояу әр­бір адамның ұққаны ан­ық. Тек мемлекеттік қ­ызметте ғана емес, ке­з келген мекеменің іш­кі тәртібінде жұмыс у­ақытында қызмет орнын­ бос қалдырып, сылтау­ратып кетіп қалу сынд­ы әдеттерге шектеу қо­йылған. ­Алайда, әлеуметтік же­лілер мен интернет са­йттарда қоғамның әртү­рлі қызу пікір-таласы­н тудырған осы бір жа­йт, журналистер қауым­ының да өз айтарларын­а жоғарғы жауапкершіл­ікпен қарауларын еске­ртері ­анық. ­Орайы келген осы тұст­а, облыс әкімі Д. Ахм­етов алғаш осы қызмет­ке тағайындалған күні­ өңірдегі ең бірінші ­барған нысаны да облы­стық мешіт болғанын а­йтпай кетпеске болмас", - деді Ерлан Жақыпов.

Айта кетейік, осыған дейін ШҚО әкімі жұмыс уақытында мешітке баратын жұмысшыларын сөккен болатын. "Доғарыңдар! Екі діни мереке бар. Құрбан айт пен Рождество. Сол кезде барыңыздар. Сіздер таңдау жасауларыңыз керек: конституциялық елде тұрасыз ба әлде басқа тағы бір жерде ме? Мен қарсы емеспін, бірақ Конституцияда жазылған: Қазақстан - бұл зайырлы мемлекет. Мұнда отырған басшылар, сіздер қызметкерлеріңіздің жұма күні сағат 12-ден бастап жұмыс орнында жоқ екенін бақылайсыздар ма?" - деген Даниал Ахметов отырыстың қатысушыларына.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети