Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық іс тіркелген жоқ - Бас прокуратура

03 Шілде, 16:14
0
Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық іс тіркелген жоқ - Бас прокуратура - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура өкілдері Данияр Ақышевқа қатысты тергеу жүріп жатыр деген мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура 2019 жылы 3 шілдеде соталды бірыңғай реестрге Тұңғыш Президенттің кеңесшісі Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы тергеу шаралары тіркелмегенін мәлімдейді. Елдің құқық қорғау органдарының өндірісінде оған қатысты қылмыстық істердің бар-жоғы туралы мәліметтер жоқ", - деді Қазақстан Бас прокуратурасы. 

Осыған дейін БАҚ-тарда Данияр Ақышевқа қатысты тергеу жүріп жатқаны жайлы мәлімет таралған еді. Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мен басқа да органдарға сауалхат жолдады.

Данияр Ақышев жұмыс орнында. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты.

"Данияр Ақышев жұмыс орнында. Әдетте қылмыстық іс қозғалса, кеңсеге келіп, басшылыққа ол жайлы хабарлайды. Бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Біздің кеңсеге органдардан ешқандай ресми қағаздар келген жоқ", - деді Айдос Үкібай.

Данияр Ақышев 9 сәуірде Тұңғыш Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. 2015 жылдыңқарашасынан 2019 жылдың ақпан айлары аралығында Ұлттық банк төрағасы қызметінде болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай