04 тамыз 2015 08:53

Дәрігерлер 9 адам қаза тапқан жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Дәрігерлер Алматы облысындағы тоғыз адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Дәрігерлер Алматы облысындағы тоғыз адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 25 шілдеде болды. Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен 9 жолаушы Талғардан Кеңдала ауылына бет алған. "Талғарда олар түнгі сағат 1.00-де шағын футбол алаңын жалға алып, футбол ойнаған. Сосын 10 адам бір көлікке отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде олар FAW жүк көлігімен соқтығысты. Сегіз жолаушы мен Mitsubishi Lancer жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Жеңіл автокөліктің бір жолаушысы мен жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі Талғар орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді. 18 және 23 жастағы екі жігіт сүйектері сынып, олар бассүйек-ми жарақатын алды. Дәрігер-травмотолог Бекзат Бисеновтың аутынша, ауруханадағылардың жағдайы тұрақты. "Ары қарай емханаға қаралады", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін жол апаты болған жерде түсірілген видео жарияланды. Ресми емес дереккөздер бойынша, он адам отырған Mitsubishi Lancer қашып бара жатқан. Автомобильді патрульдік полиция машинасы қуып келе жатқан делінді. Сонымен қатар, көлікті қуғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы туралы да ақпараттар таралды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети