Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Дәрігерлер Алматы облысында көлік қағып кеткен әйел мен оның қызының жағдайы туралы айтты

27 Қазан 2015, 14:35
0
© mreehivot.ru
© mreehivot.ru

Алматы облысында жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен әйел мен оның қызы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Іле аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Артур Қажыбаевқа сілтеме жасап.

"Қыз 6 жаста. Ол Алматыдағы өңірлік балалар ауруханасында жатыр. Оның жағдайы тұрақты ауыр, ол жансақтау бөлімінде. Қыз ашық бассүйек-ми жарақатын алған, бас миы зақымданған, көптеген жарақаты мен сынықтары және травматикалық шок бар, - деді Қажыбаев. - Оның анасы Іле аудандық орталық ауруханасында жатыр. Әйел жабық бассүйек-ми жарақатын алған, жабық сынықтары мен жараланған жерлері бар. Жағдайы тұрақты ауыр. Есін жиды, баласын сұрап жатыр", - деді ол, сөзіне қарағанда, болжам жаман емес.

Сонымен қатар, Алматы облыстық ІІД мамандары бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтты. "Жүргізуші 1994 жылғы жігіт, көлік басқару тәжірибесі аз. Ол оқиға орнынан қашып кеткен жоқ, қазір түсінік беріп жатыр. Тергеу Іле аудандық ІІБ қызметкерлерінің қарауында. Жігіт жергілікті жердің тұрғыны, мас болмаған. Қазір тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, жол апаты Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында 26 қазан күні күндіз болды. Әйел қызымен бірге жаяу жүргіншілер жолағы арқылы жолдан өтіп бара жатқан. Осы кезде оларды BMW автокөлігі қағып кетті, жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда жылдамдықты азайтпаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай