04 маусым 2018 13:48

Дәрігерлер менингит туралы жалған ақпарат таратуға қатысты полицияға арызданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшылығы менингитке қатысты балаларға антибиотиктер тағайындау ұсынысы туралы аудиожазбалардың таралуына қатысты ІІД-ге арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшылығы менингитке қатысты балаларға антибиотиктер тағайындау ұсынысы туралы аудиожазбалардың таралуына қатысты ІІД-ге арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

WhatsApp-мессенджері арқылы Алматы тұрғындарын мектепке дейінгі балаларға антибиотиктер тағайындау туралы аудиожазба таралып жатыр. 

Ал Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің өкілдері барлығына бірдей қадағалаусыз антибиотик қабылдай беруге болмайтынын айтады. 

"Антибактериалды терапия бақылануы қажет жасы мен көрсетіліміне сай. Медициналық жолмен бақылану керек. Соңғы оқиға балабақшада болғандықтан, бақылаудағы антибиотикалық алдын алуды сол жерден алу қажет. Байланыста болғандар антибиотик қабылдайды", - дейді Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова. 

"Жағлан ақпарат тарату бойынша ІІД-ге бүгін арыз жазылды", - деп айта кетті ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингитке қарсы дәрі мен вакцина бағасының қымбат болмауын және алып-сатушылыққа жол бермеу қадағаланатынын мәлімдеді. 

"Лоббилеуге қатысты бұл мәселеге байланысты... Бас прокуратура тергеу бастады. Осы жағдайға қатысты заңбұзушылықтар болса, оның ішінде жалған хабарлама тарату, оның барлығы да заң алдында жауап беруі тиіс. Ел ішінде даурығуға жол берілмеуі тисі", - деді министр. 

Біртанов тек расталған мәліметке сеніп, байбаламаға салынбауға шақырды. 

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі мессенджердегі екіұшты хабарламадан кейін мәлімдеме жасаған болатын. Ведомство мәліметінше, WhatsApp қолданушылары арасында әйел адамның мектепке дейінгі абаларға менингитке қарсы антибиотикалық терапия өткізу керектігін сұрайтын әйелдің даусы жазылған хабарлама таралып жатыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети