17 ақпан 2017 23:57

Дәрігерлер Павлодар облысындағы үш жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yvision © Yvision

Дәрігерлер Павлодар облысындағы үш жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық денсаулық саөтау басқырмасына сілтеме жасап. 


Дәрігерлер Павлодар облысындағы үш жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық денсаулық саөтау басқырмасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен бес адамның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр. Олардың жағдайы ауыр күйде қалып отыр. 

Қазір Павлодар-Омбы жолында Volkswagen Transporter мен Nissan Cefiro көліктерінің соқтығысуынан зардап шеккен 34 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде. Оны Павлодарға санитарлы авиациямен жеткізген. Балаларды аман алып қалу үшін КамАз көлігімен соқтығысқан 39 жастағы полицей ес-түссіз қалып отыр.

Аймақтық полиция департаментінің мәліметі бойынша, Павлодар-Астана тас жолында Toyota Highlander және Lada Priora бетпе-бет соқтығысып, үш адам ауруханаға түскен болатын. олардың барлығы бір отбасынан.

Жол талғамайтын және жеңіл көлік соқтығысқан ЖКО салдарынан ауруханаға түскен 25 және 37 жастағы ер адамдар қалыпты, олармен бірге болған 47 жастағы әйел тым ауыр жағдайда. Қазір ол қолдан тыныс беру аппаратына қосылғанын айтады басқарма өкілдері.  

Еске салайық, Павлодар - Астана тас жолында КамАЗ балалар автобусына еріп келе жатқан полиция көлігіне соқтығысқан болатын. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деген болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети