Дәрігерлер теміржолдағы апаттан зардап шеккендердің жағдайын айтты

16 Қыркүйек, 09:51
0
Дәрігерлер теміржолдағы апаттан зардап шеккендердің жағдайын айтты -

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Ниязбеков Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ниязбековтың айтуынша, оқиға орнына 11 жедел жәрдем бригадасы және бір ҚР ІІМ ТЖК бригадасы барған. Зардап шеккендерді Қарасай аудандық орталық ауруханаға жеткізді. "Екі және бес жасар қыздар мен олардың анасы (1986 жылғы) ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы аса ауыр. Үлкен қызына ота жасалды. Жарақаты ауыр. Баланы өкпе желдету құрылғысына жалғаған", - деді ол. 

Оның айтуынша, екінші қыздың да жағдайы тым ауыр. Бас сүйегіне зақым келген. Ол да өкпе желдету құрылғысына жалғанған. Әйелдің оң иығы сынған, төрт қабырғасы, бұғанасы сынған. Балалар жасанды комаға түсті.

"Үшеуіне де бас саүйек миына компьютерлік томография жасалды. Анасынан ісікті алып тастадық. Қазіргі уақытта оған жансақтау бөлімінде емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Ниязбеков. 

Басқарма басшысының орынбасары осы істі Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз бақылауына алғанын айтты. 

Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды 

Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрды. Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қалалық ТЖД мына телефондар бойынша жедел желі ашты: (87282) 220213, 220018

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай