21 желтоқсан 2022 11:44

Дәрігерлерден зардап шеккен науқастарға өтемақы төленеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары медициналық оқиға салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы төленетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары медициналық оқиға салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы төленетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш түскенін, оның ішінде жыл сайын 300-ге жуық іс Қылмыстық кодекстің 317-бабында көзделген медициналық қызметкерлерге қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ашылатынын, көп жағдайда өлім қаупі бар хирургия мамандарына қатысты: акушер-гинекологтар – 14 адам, хирургтар – 14, травматологтар – 8, анестезиологтар – 6.

"Заң жобасында абайсызда денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл сомасы мен қамауға алу мерзімін қысқарту ұсынылады. Науқастың денсаулығына ауыр зиян келген немесе қайтыс болған жағдайда бас бостандығынан айыруды жаза мерзімдерін қайта қараумен бас бостандығын шектеуге ауыстыру", - деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесі мен әлеуметтік қолдауын арттыруға, оларға құрметті атақтар беруге және 2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруды жалғастыруға бағытталған.

Ажар Ғиният науқастың таңдауы болатынын түсіндірді. Медициналық ұйымның шешімі және төлем мөлшерімен келіспесе, ол сотқа жүгіне алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети