20 маусым 2019 19:07

Дархан Жазықбаев МҚІА төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Жазықбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Дархан Жазықбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде. 

Еске салайық, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді - мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.

Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, МҚІСҚА экс-басшысы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтөрағасы болып тағайындалған еді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылғаны жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети