01 наурыз 2019 10:13

Дархан Кәлетаев үкімет кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Кәлетаев үкімет кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Дархан Кәлетаев үкімет кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген премьер-министрдің сайтында.

Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін мемлекеттік басқару менеджері мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдар докторы.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің маманы ретінде бастаған. Білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.

2001-2002 жылдары Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кейін Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2008-2009 жылдары "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары, 2009-2016 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети