14 наурыз 2017 16:50

Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Мыңбай. Фото © Даниал Окасов Дархан Мыңбай. Фото © Даниал Окасов

Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың сайтында.

Дархан Қамзабекұлы Мыңбай - 1962 жылы 26 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүинеге келген. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, журналист.

1985-1990 жылдары КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттіктің (ҚазТАГ) редакторы, аға редакторы, аға әдеби бақылаушы редакторы. 1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында аға консультант, аға референт. 1994-1996 жылдары "Өркен-Горизонт" республикалық газеттерінің бас редакторы. 1996-1997 жылдары "Қазақстанның телевидениесі мен радиосы" республикалық корпорациясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі департаментінің бастығы. 2004-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылғы сәуірден 2008 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі. 2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық мұражайының директоры қызметінде болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети