1. Басты
  2. Біл
  3. Ел жаңалықтары

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаторлар құпия дауыс берді. Нәтижесі бойынша Дариға Назарбаева ең көп дауыс жинады.

Биыл 12 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваны қайта Сенат депутаты етіп тағайындаған еді. Оған дейін 2019 жылдың 20 наурызынан Назарбаева Сенат спикері қызметінде болды.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. омоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған.

Мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған, кейін Сенат төрайымы болып тағайындалды.