27 наурыз 2019 11:54

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде аккаунттары жоқ - Сенат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Cенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде аккаунттары жоқ, алайда оның атымен пайда болса кімдікі екені анықталады. Бұл туралы Сенат баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Cенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде аккаунттары жоқ, алайда оның атымен пайда болса кімдікі екені анықталады. Бұл туралы Сенат баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірнеше БАҚ сауалдарына байланысты Сенат баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде аккаунты жоқ екенін хабарлайды. Сенат төрайымының аккаунты пайда болған уақытта оның кімге тиесілі екені анықталып, БАҚ өкілдері үшін арнайы жарияланатын болады", - делінген Сенат хабарламасында. 

Дариға Назарбаева Парламент Cенатының спикері болып тағайындалды. Ол бұл қызметке Сенат депутаттары арасында құпия дауыс беру нәтижесінде тағайындалды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын мақұлдады.

"Біз Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны Парламент Сенатының төрайымы қызметіне сайлау туралы ұсынысты ерекше қабылдадық, себебі біз бірінші жыл бірге жұмыс істеп жүрген жоқпыз, жұмыс топтарында да, комитет отырыстарында да, кулуарларда да қызмет етіп жүрміз", - деді сенатор Бірғаным Әйтімова.

Назарбаева осыған дейін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметінде болған еді.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған.

Мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған, кейін Сенат төрайымы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети