Дауыл, тұман және көктайғақ. Қазақстанның 4 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 Желтоқсан 2017, 17:00
0
Дауыл, тұман және көктайғақ. Қазақстанның 4 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды - © kmvcity.ru
© kmvcity.ru

Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды, - Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде 25 желтоқсан күні таңертең және күндіз, 26 желтоқсан күні түнде қатты жауын болады (жаңбырдың арты қарға ұласады). 25-27 желтоқсан оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, тіпті 23-28 метрге дейін жетсе, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр, одан да жоғары болуы мүмкін. 

Тараз қаласында 25-27 желтоқсан күндері күшті жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20, 28, кей кездері 30 метрден жоғары болуы мүмкін.

26 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын қатты болады (жаңбыр қарға ұласады), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28, күндіз кей жерлерде 30 метрге дейін жетуі ықтимал.

25-26 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі (қар), кей жерлерде тұман, боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 25 желтоқсанда 23-28, кей жерлерде 30 метрге дейін жетуі мүмкін.

26, 27 желтоқсан күні күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашынды болады (қар), боран, тұман, көктайғақ күтіледі. 25 желтоқсан күні күндіз, 26-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28, 25 желтоқсан күні күндіз, 26 желтоқсан күні кей жерлерде 30 метрге дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласының тұрғындары күннің ерекше жылы екенін айтып, видео, суреттерін жариялаған болатын. Сынап бағанасы бұл өңірде 18-19 градусқа дейін көтерілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай