05 тамыз 2018 19:55

"Демалуға Шымкенттен келген". ҚР СІМ өкілдері Ыстықкөлде қайтыс болған қазақстандық туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстық көл. © tengrinews.kz Ыстық көл. © tengrinews.kz

Ыстықкөлде қайтыс болған қазақстандық Шымкенттен келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ыстықкөлде қайтыс болған қазақстандық Шымкенттен келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"1979 жылғы ҚР азаматы Ыстықкөл жағалауындағы Бостери ауылында қайтыс болғаны туралы мәліметті растаймыз. Қайтыс болған адамның туыстары оның мәйітін бүгін алып кетеді. Консул барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Ол демалуға Шымкенттен келген", - деді сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ведомстводағылар сот-медициналық сараптаманың жүргізілгенін айтады. 

"Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес ол жүрек талмасынан қайтыс болған", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, Ыстықкөл облысында Қазақстан азаматы қайтыс болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 5 тамызда құқық қорғау органдарына курортты Бостери ауылында ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабар түскен.

"2 тамызда ол Ыстық көл облысына әйелі және төрт баласымен бірге демалуға келді. Оның мәйіті котедждің нөмірінде табылған. Әйелінің айтуынша, күйеуі осы күндер бойы ішімдік ішкен", - дейді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети