09 маусым 2017 15:24

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылдың 10-12 маусым аралығындағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап


Синоптиктер 2017 жылдың 10-12 маусым аралығындағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап

"Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклондарға байланысты суық атмосфералық фронттар, республиканың көптеген облыстарында демалыс күндерінің ауа райын анықтайтын болады. Кей жерлерге өткінші нөсерлі жаңбыр жауып, найзағай болады, найзағай кезінде қатты екпінді  жел болады деп болжанды. Ауа температурасы осы ретте климаттық нормадан төмен, республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады деп күтілуде", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында алдағы екі тәулікте көбінесе жауын-шашынсыз, ал содан кейін кезекті атмосфералық фронттар жауын шақырады. Кей жерлерге қатты  найзағай болып, бұршақ жауып, найзағай кезінде қатты екпінді жел болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети