1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

© ngnovoros.ru © ngnovoros.ru

Синоптиктер 17-19 наурыз аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, Республиканың басым бөлігінде антициклонның тау сілемдері ауа райын анықтайды. Бірақ дүйсенбі күні Ресейдің Еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар жауын-шашын, солтүстік облыстарда қар және боран, оңтүстікте жаңбыр алып келеді.

"Батыс облыстарда керісінше демалыс күндері жаңбыр, соңы ылғалды қарға айналатын қар, ал дүйсенбі күні жауын-шашынсыз болады деп болжанады. 17 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасын күтіледі", - делінген синоптиктердің болжамында.