ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2018 | 11:35
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады.
"Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады, дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температураға дейін, яғни күндіз ауа температурасы плюс 13…20 градусқа дейін жылынады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также