Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.
"Республиканың басым облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек батыста, дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.