16 мамыр 2014 20:33

Демалыс күндері елімізде жауын-шашын мен жел болуы ықтимал

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ipc-feodosia.org ©ipc-feodosia.org

Демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашын мен жел болуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Казигидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.


Демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашын мен жел болуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Казигидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Демалыс күндері ыстық, құрғақ ауа райы Қазақстанның көптеген аймақтарында ылғал, салқын әрі желді ауа райына ауысады. "Ауа температурасы апта басында түнгі уақытта солтүстік және солтүстік-батыста, шығыс және орталық аймақтарда 3-13 градусқа дейін, күндізгі уақытта 10-15 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 20-25 градусты көрсетеді. Батыста түнгі уақытта ауа температурасы аса қатты түспейді, Цельсий бойынша 15-23 градусты көрсетеді, ал күндізгі аптап бәсеңдеп, 22-27, кей жерлерде 33 градусқа жетеді" - делінген хабарламада.

Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында мамыр айының 19-жұлдызында өткінші жауын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады дейді синоптиктер. Түнгі ауа температурасы 13-20 градус көрсеткішінде қалады, ал күндіз 25-33 градусты көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети