20 мамыр 2016 15:55

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2016 жылдың 21-23 мамырында елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


2016 жылдың 21-23 мамырында елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанға ығысып келген кең жайылған антициклон оңтүстік облыстардағы жаңбырдың қысқа мерзімге тоқтауына себеп болды. Алматы облысы үшін бұл өте маңызды болып тұр. Бұл аймақтарда демалыс күндері жауын-шашынсыз, нағыз жаздың жайдары ауа райы күтіледі", - деді метеорологтар.

Мұндай ауа райы еліміздің басқа да өңірлерінде сақталады. "Ерекше ауа райы тек батыс облыстарда ғана болады. Ол жерлер циклонның және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сол себептен кейбір жерлерде қысқа, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бұл облыстардың көп бөлігінде 21 мамырға дейін жаңбыр сақталады. Кей жерлерде жаңбыр өте қатты жауатын болады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети