27-29 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
27-29 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауын шақырған антициклон, алдағы бірнеше тәулікте Шығыс Сібірдің оңтүстігіне кетеді.
Оның орнына Ресейдің еуропалық бөліктерінен Батыс Сібірге қарай ауған циклонмен байланысты атмосфералық фронттар жылжып келеді. Республиканың көптеген бөлігінде алдымен жылы, содан кейін суық фронттар ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, кей жерлерде қатты екпінді жел соғып, бұршақ болады деп күтілуде.
Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында басымырақ таулы және тау бөктері аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде, осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормадан 2-4 градусқа төмен болады.