21 желтоқсан 2018 09:49

Демалысын Дубайда өткізбек болған қазақстандықтар бәлеге ұрына жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелге демалуға барып, қиындыққа тап болған қазақстандық жұпқа қазақ диаспорасының өкілдері көмек көрсетті, деп хабарлайды "Хабар 24".


Шетелге демалуға барып, қиындыққа тап болған қазақстандық жұпқа қазақ диаспорасының өкілдері көмек көрсетті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Көптен күткен демалысын Лидия Сорокина мен Михаил Шиняев Дубайда өткізбек болып, сонда аттанады. Алайда, арада екі күн өтпей жатып Михаилдың жүрегі қысылып ауруханаға түседі. Жергілікті дәрігерлер оның инсульт алғанын анықтап, дер кезінде көмекке келеді. Бірақ медициналық қызмет үшін ерлі-зайыпты қыруар қарызға батады. Сақтандыру компаниясы болса шартты мерзімнің өтіп кеткенін алға тартып, төлем жасаудан бас тартады.

Жат жерде қиындыққа тап болған жұпқа отандастарымыз көмекке келген. Олар қажет қаражатты жинап, Лидия мен Михаилдың қарызын жабады. Қазақ диаспорасының көмегімен ерлі-зайыптылар елге қайтуға мүмкіндік алды. Ертең олар елге жетеді.

"Сол жерде бізге көмек көрсететін арнайы топ құрылды. Олар он күннен бері көмектесіп жатыр. Қазақстандық жерлестермен бірге Беларусь, Украинадан келгендер де бізге көп қол ұшын созды. Ыстық ас-суға дейін ұйымдастырды. Олар болмаса, қайтер едік?!", - дейді Михаил Шиняевтың жұбайы Лидия Сорокина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети