30 мамыр 2019 | 14:43

Демонтаждалған граниттер қаланы абаттандыруда қайта пайдаланылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет қалалық мобильділік басқармасынан Сурет қалалық мобильділік басқармасынан

Жол көлік айрықтарының тіреу қабырғаларынан демонтаждалған гранит тақтайшалар жаяу жүргіншілер жолының ағымдағы жөндеуі мен көшелерді абаттандыру кезінде, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың сыртқы әрлеуі кезінде пайдаланылатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жол көлік айрықтарының тіреу қабырғаларынан демонтаждалған гранит тақтайшалар жаяу жүргіншілер жолының ағымдағы жөндеуі мен көшелерді абаттандыру кезінде, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың сыртқы әрлеуі кезінде пайдаланылатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 5 көлік жол айрығынан алынған тақтайшалардың барлығы іске асырылатын болады. Қазіргі таңда алғашқы айрықтан 6,5 мың шаршы метр тақтайша алынып, оның 2,1 мың шаршы метр туннельдің төменгі қатарын әрлеуге жұмсалды. 1,2 мың шаршы метр жарамсыз тақтайша жаяу жүргіншілер жолын салуға, сонымен қатар мектептер мен ауруханалардың сыртын жөндеуге жұмсалатын болады. Тұтас тақтайшалар Райымбек-Розыбакиев, Сүйінбай-Розыбакиев және Жароков-әл-Фараби қиылыстарындағы жол көлік айрықтарын жөндеу кезінде пайдаланылып жатыр.

Қала мектептерінен тақтайшаларды алу туралы сұраныстарды қабылдау қазірден басталып кетті, жөндеу жұмыстары шілде айында басталатын болады. Білім беру мекемелерінің айтуынша, мектептерді жөндеу кезінде қаражаттың басым бөлігі инженерлік желілерге шығындалады да, сыртқы абаттандыру жұмыстарына келгенде, үнемдеуге тура келеді. Ал бұл тақтайшалар жөндеу жұмыстарын айтарлықтай шығынсыз аяқтауға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети