Денис Тенді өлтіргендер жазасын қайда өтейді?

24 Қаңтар, 16:34
0
Денис Тенді өлтіргендер жазасын қайда өтейді? - ЛА-155/8 қауіпсіздігі максималды мекеме. © Tengrinews.kz
ЛА-155/8 қауіпсіздігі максималды мекеме. © Tengrinews.kz

Денис Тенді өлтіргендер жазасын қайда өтейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Редакцияның ресми сауалына ҚР ІІМ ҚАЖК өкілдері Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов жазасын өтеу режимі қайта қаралмау шарты бойынша алдағы 18 жылды Алматы облысы Заречный ауылындағы ҚАЖД ЛА-155/8 қауіпсіздігі ең жоғарғы түзету мекемесінде өтейтінін айтып, жауап берді. 


 Алматы облысы ҚАЖД ЛА-155/8

Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сайтындағы мәліметке сәйкес, ЛА-155/8 мекемесінің аумағында 10 гекатар өндірістік аймақ бар, бірнеше цех, оның ішінде: ескерткіш дайындау, тротуар плиткалары және мәрмәр мен тастан жасалатын басқа да заттар. 

Киім тігу және аяқ киім тігу, әскери киім, жатын бөлмеге арналған заттар да осында бар. 


© duistdk.kz

Нан пісіру, тауық асырау, қол өнер шеберлерінің цехы, суретшілер мекені де бар. 


© duistdk.kz

Осы қылмыс бойынша үшінші сотталушы Жанар Толыбаева жазасын (төрт жыл бас бостандығынан айырылды) - Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты ауылында орналасқан ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтейтін болады. 

 
© duistdk.kz

ЛА-155/4 өнідірістік аймақ бар. Киім тігу, ет және балық өнімдері, консервтеу және нан пісіру наубайханасы бар. Киім тігу цехында 200 адам жұмыс істейді. 


© duistdk.kz

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай