20 шілде 2018 15:38

Денис Теннің өлімінен кейін Астана мен Алматы сауда орталықтары көңіл көтеру шараларынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Астана мен Алматыдағы сауда орталықтарында Денис Теннің өлімінен кейін көңіл көтеру шаралары өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана мен Алматыдағы сауда орталықтарында Денис Теннің өлімінен кейін көңіл көтеру шаралары өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті қонақтар, жұма, сенбі және жексенбі - шілденің 20, 21, 22-де жоспарланған MEGA сауда орталығы желілерінде барлық көңіл көтеру шаралары болмайды", - делінген сауда орталығының әлеуметтік желіде тараған хабарламасында. 

Esentai Mall сауда орталығы да жоспарланған концерттен бас тартты. 

"Денис Теннің отбасы мен жақындарына, сондай-ақ әлем бойынша оның өнеріне табынушыларға шын жүректен көңіл айтамыз. Барлығымыз аза тұтамыз. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Esentai Mall әкімшілігі 21 шілдеге жоспарланған Esentai MusicFestival фестиваль аясындағы концерттен бас тартты", - деп жазды орталық.

Еске салайық, 19 шілдеде Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне Денис Теннің өліміне қатысты тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети