22 тамыз 2018 09:07

Денис Теннің өлімінен кейін полиция қандай шаралар қолданды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің 13 қызметкері, сондай-ақ, үш басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің 13 қызметкері, сондай-ақ, үш басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жайлы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Алматының Қоғамдық кеңесі жолдаған сауалға берген жауабында айтты.

"Тексеріс барысында ІІД-де қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты, сондай-ақ, полицияның учаскелік инспекторларының жұмысында кемшіліктер мен ереже бұзушылықтар анықталды. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша қалалық Ішкі істер департаментінің 13 қызметкері, сондай-ақ, үш басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшылары Байкенов Ж.К, Алмалы аудандық полиция бөлімінің басшысы Құмабеков С.А қызметтерінен босатылды", - деп хабарлады Жанат Сүлейменов.

Оның айтуынша, Алматы қалалық ІІД қызметін министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері, өзіндік қауіпсіздік қызметіндегілер және ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзинның басшылығымен жүргізілді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі бойынша ұсталған адам жайлы не білеміз?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети