07 сәуір 2014 15:58

Денсаулық күнінде бұқаралық кросс ұйымдастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда өткен кросс Көкшетауда өткен кросс

Ақмолада денсаулық күніне орай жастардың бұқаралық жүгірісі ұйымдастырылды. Шараны өткізуге "Жас Отан" жастар қанатының Көкшетау қалалық филиалы, Көкшетау қалалық жастардың ресурстық орталығы мен WorkoutBarBarsKokshetau қозғалысының өкілдері мұрындық болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Көкшетаудың орталығындағы Абылай хан алаңынан шыққан жастар Ақан сері көшесін бастап Момышұлы, Абай, Тәуелсіздік алаңы, Әуезов және Темірбеков көшелерінен жүгіріп өтіп, №1 Көкшетау орта мектебінің спорт алаңында тоқтады. Бұдан кейін жарыс көрермендеріне WorkoutBarBarsKokshetau өкілдері алуан түрлі қимыл қозғалыстарын көрсетіп берді.

"Денсаулық күніне арналған жүгіріс 6 сәуір күні еліміздің барлық қалаларында өткізу жоспарланып отыр. Әзірге еліміздің алты аймағы жарысқа қосылыпты", - дейді "Нұр Отан" партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Диана Ахметова.

Жастардың Workout қозғалысы Көкшетауда 2012 жылдан беру өткізіліп келеді. Әзірге 50 шақты жас қыздар мен жігіттер тұрақты айналысуда. "Workout" тобына кірген қыз-жігіттер бұлшықет жаттығуларын жасаумен айналысады. Мұндағы біздің мақсатымыз жастарды салауатты өмір салтына бағыттауға өзіміздің үнімізді қосу", - дейді жастар ресурстық орталығының консультанты Мағжан Сейдахметов. Сондай-ақ жастар аталған шараның еліміздің барлық аймағында республикалық көлемде өткізілмек екенін баса жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети