29 қыркүйек 2016 15:00

Денсаулық сақтау жүйесі бойынша рейтингте Қазақстан соңғы ондықта

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Bloomberg нұсқасы бойынша Қазақстан денсаулық сақтау жүйесі бойынша рейтингте 55 елдің ішінде 45-орынға табан тіреген. Бұл рейтингті құрған кезде өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық сақтауға жұмсалатын қаражат есептелген. 

Рейтингке сәйкес, Қазақстан медицинаға жалпы ішкі өнімнің 4,36 пайызы бөлінеді, ал өмір сүру ұзақтығы 71,62 жыл.

55 орында Ресей тұр, бұл елде медицинаға жалпы ішкі өнімнің 7,1 пайызы бөлінеді және ададардың өмір сүру ұзақтығы 70,4 жыл. Рейтинг соңындағы мемлекеттер қатарында Бразилия, Әзірбайжан, Колумбия және Иордания сондай-ақ АҚШ-та бар.

Бұл тізімнің басында Гонконг тұр, онда адамдардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 84 жасты құраған. ЖІӨ - 5,4 пайызы бөлінеді. Екінші орында Сингапур (82,7 жыл, 4,9 пайыз ЖІӨ). Үшінші орынды Испания иеленген. (83, 8 жыл, ЖІӨ 9 пайызы). Бірінші ондыққа кірген мемлекеттер: Солтүстік Корея, Жапония, Италия, Израиль, Чили, Біріккен Араб Әмірліктері және Австралия.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети