30 желтоқсан 2019 10:14

Денсаулық сақтау министрі әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңында әуе апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңында әуе апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өткен тәулікте Алматы маңындағы әуе апатынан зардап шеккен үш адам ауруханадан шығарылды, осылайша қазіргі уақытта клиникаларда 46 адам жатыр, оның ішінде тоғыз бала бар. Балалардың жағдайы тұрақты, олар жансақтау бөлімінен ауыстырылды. Яғни олардың денсаулығына еш қауіп жоқ. Бірақ қажетті сапалы емдеу шаралары жүргізілуі тиіс. Сол себепті Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алды. 

Ересектер бойынша, жағдайы ауыр науқастары бар. Қалалық төртінші аурухананың жансақтау бөлімінде жеті адам жатыр және тағы екеуі Алматы облысының клиникалық ауруханасында жатыр. Соның ішінде, бір науқастың жағдайы алаңдатады. Жалпы алғанда, онда біздің ғылыми орталықтардың басшылығы бастаған дәрігерлер тобы жұмыс істеп жатыр. Кеше консультация беру шаралары, тактиканы анықтадыы және емдеу шаралары толыққанды мөлшерде жүргізіліп жатыр", - деді министр.

Сондай-ақ, ол ұшқыштың да жағдайы туралы айтты. 

"Ұшқыштың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Сынған жерлері бар, ота жасалды", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети