17 қазан 2017 15:10

Денсаулық сақтау министрлігі егуден бас тартумен қалай күреседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрліктің статистикалық есебі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін халықты әлеуметтік жұмылдыруға қатысты 2017-2019 жылдарға арналған ведомствооаралық жоспардың уақтылы екенін растап отыр: екпеге қарсы адамдардың саны 37.3 пайызға өсті.


Министрліктің статистикалық есебі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін халықты әлеуметтік жұмылдыруға қатысты 2017-2019 жылдарға арналған ведомствооаралық жоспардың уақтылы екенін растап отыр: екпеге қарсы адамдардың саны 37.3 пайызға өсті.

Олардың 45,7 пайызы жеке ұстанымдарына сай бас тартса, 41,9 пайызы діни нанымдарына орай қарсы. Екпеден бас тартқандардың 50 пайызы  - Алматы және Ақтөбе облыстары тұрғындары. ДДҰ-ның вакциналаумен қамту бойынша ұсынымдарына сай, иммундаудың жалпы пайызы әзірге қанағаттанарлық деңгейде, бірақ беталысы алаңдаушылық тудырады. Қазақстанның алдын-алу екпелерінің күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес келеді (Осыған ұқсас графикалар Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапонияда қабылданған) және туберкулез, вирусты «В»   гепатиты, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, b типті гемофильді инфекция, полиомелит, пневмококк инфекциясы, паротит, қызылша. Бұл аурулар өлім қаупі мен мүгедектікпен байланысты болғандықтан, күнтізбеге енгізілді. Статистикаға сай, нәресте өлімі елде 1000 жаңадан туған сәбидің 8,60-ын құрайды (2016 жылдың дерегі). Оның басты себептері - перинаталдық кезеңдегі жағдай, оның ішінде сепсис, дамудың тумысынан біткен ақаулары, қайғылы оқиғалар және пневмония. Нәресте сепсисі мен пневмонияны әдетте Streptococcus pneumoniae қоздырады. 

Біз педиатрия және жұқпалы аурулар профессоры Дэвид Гринбергтен (Израиль) пневмококк инфекциясы туралы толығырақ айтып беруін сұрадық. Израильде пневококктан вакциналау 2009 жылдан бастап енгізілген (Қазақстан аталған вакцинаны 2010 жылы күнтізбеге енгізді). Доктор Гринбергтің сөзінше, 2 жасқа дейінгі балалар бұл инфекцияға әлсіздеу келеді. Ол бактериемияны, менингит, пневмония, орта отит, синусит, бронхитті қоздырып жіберуі мүмкін. Пневмококк нәресте және бала өлімінің 40 пайызына жауапты. Дегенмен, Израильде иммундаумен қамту 95 пайызға жуықтап қалса, Қазақстанда ағымдағы жылдың 8 айында тек 63 пайызға жетті. Бұл екпеге қарсы көңіл-күй салдарынан болып отыр. 

Ведомствоаралық Жоспар екпеден бас тартулар бойынша статистиканы азайтуға бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігі халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, акция, дөңгелек үстел, дін істері бойынша жергілікті басқарма өкілдерінің қатысуымен форумдар өткізуді жоспарлап отыр. Медицина қызметкерлері үшін вакциналауды қауіпсіз жүргізу және коммуникативтік дағдыларын көтеру бойынша біліктілік семинарлары өтіп жатыр. Екпені қолдамайтындардың «қарсы пікірлерімен» барлық деңгейде жұмыс істеу қажет.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети