ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Instagram желісіндегі жалған парақшаға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Instagram желісіндегі жалған парақшаға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Instagam әлеуметтік желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі" деген аккаунттар жалған болып саналады.
"Оларда жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әрі қарай - ҚР ДСӘДМ) ресми ұстанымы болып табылмайды. Бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ. Сондықтан ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кетейік, minzdrav.rk аккаунты Instagam әлеуметтік желісінде "жаппай жұққан ауру жайлы" және "паразиттерден құтылатын зат" жайлы жарнама жасаған. Сондай-ақ, аккаунтта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың суреттері жарияланған.