16 қаңтар 2017 14:20

Депутат билік тармақтары арасында өкілеттіктердің қалай бөлінетінін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтардың аяғында мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заңнама актілеріне енгізілетін өзгерістердің жалпы концепциясы жасалады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаңтардың аяғында мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заңнама актілеріне енгізілетін өзгерістердің жалпы концепциясы жасалады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы 15 желтоқсанда өткен салтанатты шара барысында мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне қатысты тапсырмалар берген болатын. Жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта биліктің әр тармағы осы мәселе бойынша, яғни Парламентке қатысты, ондағы өкілеттікке енгізілген өзгертулерге қатысты ұсыныстарды - біз дайындайтын боламыз, Жоғарғы сот өз бағыты бойынша, прокуратура өз бағыты бойынша ұсыныстарын дайындайтын болады. Кейінірек қаңтар айының үшінші жартысында заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістердің жалпы концепиясы жасалады", - деді Гүлмира Исимбаева 13 қаңтарда Ақордада өткен жұмыс тобының бірінші отырысы барысында.

Депутаттың айтуынша, ақпан айының бірінші жартысында осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар айтылады.

"Қазір біз Мәжілісте өзіміздің жұмыс тобымызды құрдық. Олар енді ғана жұмысқа кірісті. Нақты ұсыныстар айтылған кезде, оны таныстырамыз", - деді депутат.

Еске сала кетейік, Елбасы Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойған болатын. Айта кетейік, жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети