10 қыркүйек 2014 10:42

Депутат иесіз қалған ауылдардың мәселесін көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Соңғы кезде Қазақстанның бірнеше аймақтарындағы ауыл халқының көшу үдерісі тым жиілеп барады. Көптеген адамдар тұрғылықты жерін тастап, қалаға қарай ағылуда. Әсіресе олардың басым көбі Алматы мен Астанаға қарай қоныстануға ұмтылып отыр. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мәлім етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Халық қалаулысының айтуынша, елімізде халық саны ұлғайып келе жатқанына қарамастан, Қазақстанның кейбір аймақтарындағы халық саны мейлінше азаюда. Оның есебінше, соңғы он жылда Солтүстік Қазақстан облысынан 100 мың адам көшіп кеткен, ал Шығыс Қазақстаннан -60 мың, Қостанай облысынан -35 мың, Ақмола облысынан -15 мың адам басқа аймақтарға қоныс аударған. 

Егер осылай жалғаса беретін болса, онда тұтастай елдімекендердің барлығын Қазақстан картасынан сызып тастауға тура келеді екен. "Мәселен, соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанда 70 мектеп жабылған. Бұл дегеніміз, 70 жуық елдімекен иесіз қалды дегенді білдіреді", - дейді Н.Сабильянов. 

Мәжіліс депутатының пікірінше, қаңырап қалған ауылдардың бойына қайта қан жүгірту үшін ол жаққа қарай оралмандарды тарту керек.  Бұл ретте мемлекет оралмандарды босаған аймақтарға жіберіп, онда оларға қолғабыс етуі тиіс. 

Айта кетейік, статистика комитетінің мәліметінше, 2014 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан халқының саны 17 миллион 284 мың адамға жеткен. Оның ішінде қала халқы - 55,1 пайыз, ал ауыл халқы - 44,9 пайызды құрайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети