18 ақпан 2019 11:34

Депутат жастардың тұрғын үй алуы үшін жас мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grifoninfo.ru © grifoninfo.ru

Мәжіліс депутаты Гүлнара Иқсанова жастардың жалдамалы баспана алуы үшін жас мөлшерін ұлғайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәжіліс депутаты Гүлнара Иқсанова жастардың жалдамалы баспана алуы үшін жас мөлшерін ұлғайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұрлы жер" бағдарламасын іске асырғаннан бастап 19 мың пәтердің 34 пайызы 28 жасқа дейінгі адамдарға берілді. Алайда, жастардың немесе жас отбасының барлық бағдарламалар бойынша тұрғын үйге деген мұқтаждығы мен қамтамасыз етілуі жөніндегі толық өзекті деректер жоқ. Бұл мәліметтер мәселелерді шешу тәсілдерін жоспарлау үшін қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйдің түрлі нұсқалары туралы мәселені пысықтайтын кез келді. Бұл қолжетімді ипотека, студент үшін ғана емес, жұмысшы жастарға арналған жатақханалар, қызметтік, әлеуметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативтері, жеке құрылыс", - деді Гүлнара Иқсанова. 

Сондай-ақ, депутат Қазақстанның үш миллион тұрғыны бар қалалардың жастарына тұрғын үй бөлу туралы айтты.

"Жастардың жасы 29-да емес, 35 жас шамасындағы жоғарғы шегін басшылыққа алу керек, өйткені қазір басқа бағдарламалар бойынша адамдар шартты рәсімдегеннен кейін үш жылдан кейін тұрғын үй сатып алу құқығын іске асыра алмайтын қиындықтар бар, себебі олар 29 жастан асып кеткен"

Осыған дейін, қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Астана, Алматы және Шымкент жастары 12 мың теңгеге жалға берілетін пәтерлерді алуға үміткер бола алатынын айтқан еді. Министрдің айтуынша, пәтер салынғанға дейін әкімдіктер осы мақсаттарға "нарықтан"баспана сатып алатын болады. Алайда бұл бағдарлама бойынша тек 29 жасқа дейінгі жастар жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети