03 наурыз 2017 14:51

Депутат Қазақстан Президенттігіне үміткерлерге жаңа талап енгізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасы Президентіне үміткерлерге жаңа талап енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасы Президентіне үміткерлерге жаңа талап енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституцияның 41-бабында еліміздің Президентіне үміткерлерге қойылатын талаптардың ішінде жоғары білімнің болуы туралы талаптың жоқтығы ақылға сыймайды. Тіпті мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысына қойылатын талаптарда жоғары білімнің болуы қарастырылған. Ал Президенттікке үміткерлерге, яғни, елімізді басқаратын адамдарға мұндай талап қойылмаған. Сондықтан менде бір нақты ұсыныс бар - Конституцияға Президенттікте үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарға міндетті түрде жоғары білім туралы талапты енгізу", - деді депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мәжілісменнің бұл ұсынысын сенатор Серік Ақылбай қолдады.

"Әріптесімнің Конституцияның 4-бабының 2-бөлігіне өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қолдаймын. Президент институтының маңыздылығын ескере отырып, еліміздің Конституциясы мен конституциялық заңы Мемлекет басшысы қызметіне үміткерлерге қойылатын талапқа жеткілікті назар аударуы керек. Осыған байланысты барлығыңызды әріптесімнің ұсынысын қолдауға шақырамын", - деді депутат Серік Ақылбай.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісі Конституцияға өзгертулер енгізу туралы заңжобаны талқылап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети